Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жобаны патенттеу, авторлық құқық мәселелері бойынша семинар өтті

24.08.2023, 17:11 88

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Kyzylorda Hub бизнес-инкубаторы жобаны патенттеу, авторлық құқық мәселелері бойынша семинар ұйымдастырды.

Шарада «Cyber City хикаялары» комикс кітабының авторы София Темірболат пен бизнес-тренер Наталья Мишукова авторлық құқық пен патенттің маңыздылығы туралы айтты.

– Авторлық құқық туынды мен өнертабыстарды заңсыз пайдаланудан қорғау мүмкіндігін береді. Бұл жаңа өнімдер немесе қызметтерді әзірлейтін стартаптар мен жобалар үшін өте маңызды. Авторлық құқық компания немесе жоба брендінің бөлігі болуы мүмкін. Сонымен қатар, тұтынушылар мен серіктестер арасында сенім орнатуға көмектеседі, – деді София Темірболат.

Айта кетейік, авторлық құқық пен патент автордың зияткерлік меншігін қорғау мақсатында беріледі. Авторлық құқық әдеби, музыкалық, шығармашылық туындыларға беріледі, ал патент өнертабыстар мен басқа да техникалық шешімдерді қорғайды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: