Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Жеңілген спортшының бәрі жалғыз» – Айтыскер ақын Әбибаға өлең арнады

28.07.2024, 17:15 300

Меніңше біздің атымтай азаматтар сәл ғана мүлт кеткен Абиба қарындасымызды да құрмет, сыйлығынан құр қалдырмай күтіп алып, жігерлендіргені дұрыс болады деп ойлаймын. Жарақаты бола тұра барын салды, сәті түспеді. Қыз бала ғой, сағы сынбасын. Өмірі алда. Жеңілсе де, жеңсе де – өзіміздің қарындасымыз. Мысалы Токиодан қола алып келген осы Елдосқа Zhumabek Zhanykulov ағамыз: “Сенің қолаң бізге алтыннан қымбат” деп ағалық қамқорлығын көрсеткенде Елдос та жігерленіп: “Аға, Алла қаласа Париждің алтынын алып келемін” деп уәде беріпті.

“Абиба, Абибажан, Абиба қыз,
Жеңілген спортшының бәрі жалғыз.
Қалдырмай бірақ сені мұндай сәтте,
Қасыңнан қалың ел боп табылармыз, табылармыз..

Жаралған жан екенсің күресуге,
Шамалы күш жетпеді тіресуге.
Испан итеріп кеудеңнен, швед шалып,
Ауырсындың, сонда да жүресің де.
Жылап тұрсың, мұндайда күлесің бе?!
Қарындасты бірақ біз жылатпаймыз,
Абибажан, сен соны білесің бе, білесің бе?!”

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: