Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жеңіл ақшаның елесі: кредит алудың қажеті жоқ екенін қалай түсінуге болады

15.06.2023, 17:30 161

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің деректері бойынша 2023 жылғы наурызда 1 191,3 млрд теңгеге жаңа тұтынушылық кредиттер берілді, бұл өткен аймен салыстырғанда 20,3%-ға артық. Тек тұтыну шылық мақсаттар ғ а 850,2 млрд теңге берілді, бұл өткен аймен салыстырғанда 18,8%-ға артық.

Көріп отырғанымыздай, тұтынушылық кредиттерге сұраныс өсіп келеді, қарыз алу кезінде сіздің тәуекелдеріңізді азайту үшін біз негізгі қағидалармен т анысуды ұсынамыз.

Ең алдымен кредитордан қандай мақсаттар үшін қарыз алатыныңызды анықтаңыз. Қарызды ресімдеудің негізгі мақсаты сіздің жедел тілектеріңізді орындау емес, белгілі бір қаржылық мәселелерді шешу болуы тиіс екенін есте ұстаған жөн.

Мысалы, егер сіз біліктілікті арттыру үшін кредит ресімдесеңіз, онда болашақта бұл шығындар еңбек нарығындағы «құныңызды» арттырады, кредит алып ресімделген соңғы үлгідегі гаджет белгілі бір уақыттан кейін ескіреді және оның құны сіз ресімдеген қарыз сомасынан әлдеқайда арзан болады.

Сондықтан, әрқашан, қандай да бір мақсатқа кредит алмас бұрын, мұқият  ойланған дұрыс. Кемшіліктері мен артықшылықтарын өлшеп, шығындарыңыз бен кірістеріңізді есептеңіз. Егер сіз жұмыс орнын ауыстыруды немесе демалысқа кетуді жоспарласаңыз, онда бұл кредит алудың ең жақсы уақыты емес шығар. Қарыз бойынша төлемдер төлем кестесіне сәйкес жасалуы керек екенін түсіну маңызды. Кредиттің сіздің бюджетіңізге сәйкес келетінін анықтау үшін сіз ай сайынғы төлем мөлшерін білуіңіз керек. Банкке ай сайын төленетін жалпы сома сіздің кірісіңіздің 20-30%-ынан аспайтын кезде өте қолайлы.

Бірнеше кредиттік ұйым н ың ұсыныстарын салыстырыңыз

Өзінің төлем қабілеттілігін және қарыздың орындылығын бағалаудан басқа, бірнеше банктердегі немесе МҚҰ-дағы кредиттер бойынша талаптарды талдау қажет.

Бүгінгі күні онлайн кредиттер өте танымал, оларды қарыз алушыға арнайы талаптарсыз «15 минут» ішінде алуға болады. Бірақ мұндай кредиттердің пайыздық мөлшерлемесі өте жоғары болатынын есте ұстаған жөн, өйткені мұндай қарыздың құнына қайтарылмаудың барлық ықтимал тәуекелі енгізілген.

Сондай-ақ, интернет кеңістігінде 0%-бен деп жарнамаланатын кредиттер жиі кездеседі. Мемлекеттік қолдау бағдарламаларын қоспағанда, мұндай қарыздарды беру тиімсіз, сондықтан мұндай кредиттер қарыздың барлық сомасына есептелетін үлкен комиссияларды білдіреді немесе бұл алаяқтық схемалар болуы мүмкін.

Тек жарнамаға немесе туыстарыңыз бен таныстарыңыздың кеңестерін тыңдауға сенбеуіңіз керек. Қарыздың барлық талаптарын өз бетіңізше зерттеп, дұрыс таңдау жасаңыз. Банктердің кредиттің талаптарына қатысты толық ақпаратты ашу міндеті заңнамалық тұрғыдан көзделген. Яғни, банк шарт жасасқанға дейін сізде туындаған мәселелер бойынша, оның ішінде ЖТСМ мөлшері және кредитті өтеу әдісі бойынша кеңес беруге міндетті.

Қарыз алушы кредит алу қарыз сомасын, есептелген сыйақыны (номиналды мөлшерлемені) қайтарумен ғана емес, сондай-ақ қарызға қызмет көрсетуге байланысты өзге де комиссияларды, төлемдерді төлеумен де байланысты екенін білуі қажет.

ЖТСМ – бұл банк пен МҚҰ қызметтері бойынша дәйекті, жылдық, тиімді, салыстырмалы есептеудегі (нақты құны) сыйақы мөлшерлемесі, оған қарызды беруге және қызмет көрсетуге байланысты барлық комиссиялар, төлемдер, яғни кредит бойынша артық төлемнің нақты көрсеткіші кіреді.

Номиналды мөлшерлеме – бұл комиссиялар мен басқа төлемдерді есепке алмағанда, қарызды пайдаланғаны үшін ай сайынғы сыйақы есептелетін мөлшерлеме.

Сондықтан ЖТСМ банктің кредит бойынша сыйақысын (пайыздарды) ғана емес, сонымен қатар қарызды беруге және қызмет көрсетуге байланысты барлық басқа комиссияларды, төлемдерді ескеретін негізгі мөлшерлеме болып табылады.

Осыған байланысты номиналды пайыздық мөлшерлемеге назар аудару қажет, ол ЖТСМ-ды емес, тек пайыздарды (банктің сыйақысын) ғана ескереді.

Сондықтан, әрқашан, қандай да бір мақсатқа кредит алмас бұрын, мұқият ойланыңыз. Дәл қазір ол сізге қажет пе және ол үшін ұзақ мерзімді қаржылық міндеттемелер қабылдау керек пе? Өйткені, өмірді болжау мүмкін емес және әр түрлі жағдайларға байланысты сіз бірден жұмысыңыздан, кірістеріңізден айырылып, нәтижесінде кредит төлеуді тоқтатып, кредиттік тарихыңызды бұза аласыз. Кредитті төлемеу қаупі барлық адамда, тіпті өте табысты адамдарда да бар.


fingramota.kz

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: