Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жеке құрам қандай газет-журнал оқып жүр ?

28.06.2022, 14:45 486

Бүгінгі таңда бұқаралық ақпарат құралдарының рөлі тұрақты түрде өсіп келеді. Тіпті, әлеуметтік желілер пайда болса да, дәстүрлі бұқаралық ақпарат құралдарының қоғамдағы орны бәсеңдемейді.

Соның ішінде, газет-журналдардың әр адамның танымдық дәрежесін арттырудағы рөлі ерекше.

Осы орайда, ЗК-169/1 тергеу изоляторының жеке құрамы жұмыстарының қауырттығына қарамай, қолдары бос уақытында бір мезгіл ел жаңалықтарын қалт жібермей оқып отырады.

Соның бірі мекеменің жедел бөлімінің бастығы, әділет майоры С.Жәлімбетов:

– Газет оқу — зиялылықтың белгісі. Әсіресе, аға буын өкілдері үшін газет-журналдың  орны  ерекше болатын.

Осы орайда әке-анамыздың, басылымдарды таласа оқып, ой елегінен өткізіп, қызу  пікірлесіп  отыратыны көз алдымда.

Соның ішінде олар «Сыр бойы» газетін  сүйіп оқитын. Ал мен, қызметтік сұранысыма байланысты « Заң » газеті мен «POLISIA.KZ »журналын жаздыртым алғанмын.

Бұл басылымдардан еліміздің заңдарының орындалуын, ондағы өзгерістер мен жаңалықтар туралы оқып білемін.

Ал, Арнайы есепке алу бөлімінің бастығы, әділет майоры Ф.Сембаева:

– Ішкі істер саласында жұмыс жасағандықтан мекеме тарапынан жазылған « Сақшы» республикалық құқықтық қоғамдық-саяси газетті әр нөмерін оқып тұрамын.

Газет беттерінде ерлік жасап, өз міндеттерін абыроймен атқарып жүрген еліміздің түкпір- түкпіріндегі сақшылар жайлы жазылған мақалаларды оқып, бөлімдегі қызметкерлермен бірге талқылап тұрамыз.

  – Қазір интернет-сайттарға үңілетін болдық қой. Өйткені тез, ыңғайлы. Газет-журналдардың болашағы бар, әрине. Интернет-сайтта оқығаныңды тез ұмытып қаласың. Ал газет-журналдарды қолыңа алып оқығанның жөні бөлек, негізі екеуі қатар дамығаны дұрыс.

Маған « Жарасымды жанұя» журналы ұнайды. Онда әйел затына қажетті әртүлі ақпараттар бар. Жұмыс ортасында уақыт тауып қарап шығамын. Керекті ақпаратымды аламын, – дейді мекеменің РжКБ-ның аға бақылаушысы, әділет старшинасы А.Тоқжолова

Өздеріңіз оқып білгендей жеке құрам ел аумағында шығып тұратын басты басылымдардың дерлігіне жазылған.

Әсіресе, егеменді еліміздің кешегісі мен бүгінгісін паш ететін, жеке құрам қызметкерлерінің бойында патриоттық сезімін оятатын республикалық, облыстық ақпарат құралдарының маңызы зор.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: