HALYQLINE.KZ –| Биыл біз Жеңістің 75 жылдығын карантин жағдайында қарсы аламыз. Бірақ, бұл ең сұрапыл соғысты жеңіспен аяқтаған жауынгерлерге құрмет көрсетпеу деген мағынаны білдірмейді.
Биыл «Жасампаз жасақ» шарасы виртуалды режимде өтеді. Яғни, Сыр бойынан шыққан батырлардың ерлігі кең көлемде насихатталады. Біз олардың есімін жадымызда тағы бір мәрте жаңғыртатын боламыз. Сондықтан Қызылорда облысының әкімдігі интерактивті акцияға қатысуға шақырады.
Ол үшін әке-аталарыңыздың, жақындарыңыздың фашизмді жоюға қосқан үлесін әңгімелеп немесе майданнан жіберген хаттарын оқып, бейнеролик түсіресіз. Отбасылық фото-суреттерді көрсетсеңіз де болады. Қорытынды бейнежазбаны әлеуметтік желіде төмендегі хэштегтермен жариялайсыз. (Instagram. Facebook, ВКонтакте).
#SyrBatyry
#Jeniske75
#BatyrUrpagy
Біз сол бейнематериалдарды жинақтап, Қызылорда облысы әкімдігінің ресми сайтындағы «Жасампаз жасақ» бөлігіне орналастырамыз. Ұнаған роликке дауыс беруге болады. Үздік 10 туынды 9 мамыр күні «Qyzylorda» телеарнасында көрсетілетін бейнесюжетке енгізіледі.
Әке-аталарыңыздың жеңіс жолдарын құрметтеп, ерліктерін насихаттауға атсалысыңыздар.
Жасампаз жасақ – ерлікке тағзым!
Біз біргеміз!
Қызылорда облысының әкімдігі
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!