Облысымыздың 85 жылдық мерейтойы мен Сырдың бас шаһары – Қызылорда қаласының төл мерекесіне орай қала аумағында жаппай тазалық акциясы өтіп, оған барлық мекеме қызметкерлері қатысты.
Сенбілікке 167 мекемеден 2316 адам атсалысып, 16 арнайы қоқыс жинайтын техника жұмылдырылып, 18 көше және аспалы көпір аумағы, әуежай бағыты тазартылды. Нәтижесімен орталық полигонға 600 м3, яғни 380 тонна қоқыс шығарылды.
Қала тазалығы баршамызға ортақ! Сондықтан әр қала тұрғынын таза қала үшін сенбілік жұмыстарына атсалысуға, тұрғын үйлердің, аулалардың және көшелердің аумағында тазалық шараларына өз үлестерін қосуға шақырамыз
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!