Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жаңақорғандық жастардың бастамасымен кезекті баспананың іргетасы қаланды

06.03.2025, 18:00 29

HALYQLINE.KZ

«Жаңарған Жаңақорған жастары» қоғамдық қорының жастары жыл сайын баспанаға аса мұқтаж отбасыларға баспана кілтін табыстауды дәстүрге айналдырған. Бұл туралы Жаңақорған ауданы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Биыл да қасиетті Рамазан айында белсенді жастар жұдырықтай жұмылып, 13-ші баспананың іргетасын қалады. Игі бастамаға аудан әкімінің орынбасары Бектас Нұридинов, «Amanat» партиясы аудандық филиалының төрағасы Арман Мажитов, аудандық мәслихат депутаты Данияр Досантаев, ауданның бас имамы Әбдіхалық қажы Наметов, ел ағалары Сайділла Омаров, Ержан Сейтжаппаров, Еркін Абдуллаев арнайы қатысып, ізгілікті іс жасауға кіріскен ерікті жастарға алғысын білдірді.

Көптің қолдауымен 30 күн ішінде тұрғын үй құрылысы аяқталып, баспана кілті мұқтаж отбасыға табысталатын болады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: