Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жаңақорғанда адасып кеткен 3 жасар бала табылды

28.10.2025, 10:05 105

“Учаске” іс – шара барысында Жаңақорған аудандық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы, полиция майоры Аппазов Керимхан мен ювеналды полиция тобының инспекторы, полиция лейтенанты Тоханов Бекзатхан қоғамдық тәртіпті сақтау кезінде Жаңақорған кенті, А.Иманов көшесінің бойынан ата-анасының қарауынсыз жүрген 3 жасар баланы байқап, бірден тиісті шаралар қабылдады.

Полицейлер баланың ата-анасын жедел іздестіріп, көп ұзамай баласын жоғалтқан әке табылып, баламен аман-есен қауышты.

Тексеру барысында белгілі болғандай, баланың әкесі жақын маңдағы ғимаратқа кіріп кеткен сәтте, бала автокөліктен түсіп, алыстап кетіп адасып қалған. Қырағылық пен жедел әрекет еткен полиция қызметкерлеріне ата-анасы алғысын білдірді.

Қызметтік міндетін адал атқарып, дер кезінде көмек көрсеткен тәртіп сақшыларының бұл әрекеті – кәсіби жауапкершілік пен адамгершіліктің үлгісі.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: