Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жаңа жыл қарсаңында жоғалған адам табылды

04.01.2026, 14:24 50

Жамбыл облысында іздестіру-құтқару жұмыстары сәтті аяқталды. Кеше кешке Мойынқұм ауданында жоғалып кеткен ер адам табылды, деп хабарлайды halyqline.kz тілшісі inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

Төтенше жағдайлар қызметінің мәліметінше, 1964 жылы туған азамат 31 желтоқсан күні Мойынқұм ауылына қарай жаяу шыққаннан кейін хабарсыз кеткен.

Іздестіру-құтқару жұмыстары 11:00–де Мойынқұм ауданында, Мойынқұм ауылынан шамамен 90 шақырым қашықтықта орналасқан шаруа қожалығы аумағында басталды.

Іздестіру жұмыстарына ТЖМ бөлімшелері, Полиция департаменті және жергілікті атқарушы органдар жұмылдырылды. Операцияға жеке құрам, арнайы техника, кинологиялық есептоптар және ұшқышсыз ұшу аппараттары тартылды.

– Қызметтердің үйлесімді әрі жедел әрекеттерінің нәтижесінде жоғалған азамат шаруа қожалығынан шамамен 50 шақырым қашықтықтағы дала аумағынан табылды. Ер адамның жағдайы қанағаттанарлық, медициналық көмек қажет болған жоқ, – делінген хабарламада.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: