Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жаңа жыл мерекесінде 9 сәби дүниеге келді

04.01.2024, 10:00 325

Қызылорда облысында жаңа жыл мерекесінде 9 сәби дүние есігін ашты. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында облыстық денсаулық сақтау басқармасы ана мен бала денсаулығын қорғау бөлімінің басшысы Айгүл Төлегенова хабарлады.

– 1 қаңтар күні сағат 00:00-ден таңғы 06:00-ге дейін облыс бойынша жалпы саны 9 нәресте дүниеге келді. Жарық дүние есігін ашқан нәрестелердің 4-еуі облыстық периниталдық орталықта туылса, қалған 5-еуі облыстық деңгейіндегі босану бөлімшелерінде дүниеге келді. Дүниеге келген сәбилердің 5-еуі – ұл, 4-еуі – қыз бала. Қазіргі таңда олардың жағдайлары жақсы, дәрігерлердің тұрақты бақылауында, – деді Айгүл Асылбекқызы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: