Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жанармай бағасы тағы өсті

02.09.2025, 16:35 240

2025 жылдың тамыз айында жанармай құны тағы қымбатады, деп хабарлайды halyqline.kz тілшісі El.kz интернет порталына сілтеме жасап.

Дизель отынының қымбаттауы

Астанада АИ-92 бензинінің литрі 225-228 теңгеге жетті. Шілдеде бұл көрсеткіш 217-221 теңге аралығында болған. Алматыда баға 221-227 теңге болса, Қарағандыда – 222-227 теңге, Қостанайда – 222-224 теңге. Шымкентте салыстырмалы түрде өсім баяу: шілдеде 202-210 теңге болса, тамызда 206-213 теңгеге көтерілген.

АИ-95 бензині айтарлықтай қымбаттады. Астанада литрі 266-287 теңге тұрса, Алматыда 290 теңгеге дейін жеткен. Қарағандыда шамамен ­– 280 теңге, Қостанай мен Павлодарда 265-272 теңге аралығында. Ең жоғары баға – Алматыда, литрі – 345 теңге.

АИ-98 бензині де өскен. Алматыда литрі 340-345 теңге, Астанада – 314-330 теңге, Қарағанды мен Өскеменде – 300-303 теңге шамасында.

Дизель отыны бүкіл ел бойынша қымбаттап отыр. Астана мен Алматыда литрі 319-323 теңге, Қарағанды мен Қызылордада – 317-322 теңге, Атырауда – 321 теңгеге дейін.

Газ бағасы әзірге тұрақты

Сұйытылған газ әлі де ең қолжетімді жанармай түрі болып отыр.

Алматы, Астана, Қарағанды және Қостанайда литрі 106-112 теңге. Шымкентте – шамамен 102 теңге, ал ең арзан баға Оралда тіркелген: небәрі 64-77 теңге.

Фото:
©El.kz/Бауыржан Жуасбаев

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: