Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жамандықтың қақпанынан қашық жүр!

21.01.2026, 19:15 80

Қазір қауіп-қатердің қайдан келетінін жорамалдау қиын. Жамандық адамды өзіне шақырып, еріксіз баурап тұрады. Ең өкініштісі, ол сырт көзге тамаша болып көрінуі мүмкін. Мұны маған үйде отбасым, мектепте ұстазым айтып берді. Бірде біз сынып болып «Есірткісіз өмір ғажайып!» атты тәрбие сағатын өткіздік. Оқушылардың өз бетінше ізденуіне сынып жетекшіміз ықпал етті. Біз есірткіге қатысты барлық деректі жинадық. Аз уақыт аралығында арнайы бейнеролик түсіріп үлгердік. Өзімізден басталған идеяны ұстазымыз өрбітіп, жүйеге келтіріп берді. Сыныптас құрбым «Нашақорлыққа қарсы күрес күн тәртібінен түспейді» деген тақырыпта слайд жасап, оны сәтті қорғады. Енді бір сыныптасым жаман әдеттерден аулақ болу керегін жасанды интеллект көмегімен бейне ретінде көрсетіп берсе, кейбіреуі топ болып есірткі туралы мақал-мәтелдерді тізіп жазған.

Біздің тәрбие сағатымызға мектеп директоры құпия қонақ болып қатысты. Ұстазымыз біздің дайындығымызға дән риза болды. Ең бастысы, біз жамандықтың қақпанынан алыс жүру керегін ұғындық.

есірткігеқарсы, #противнаркотиков

Жанель БОЛАТБЕКОВА,

А.Жанпейісов атындағы №105 мектеп-лицейдің

7-сынып оқушысы

Қызылордаоблысы,

Қармақшы ауданы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: