Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жалпыға бірдей декларацияға көшудің алғашқы кезеңі басталды

05.01.2021, 18:15 593

Биыл салық кодексіне өзгерістер енгізілді. Яғни, жалпыға бірдей декларацияға көшудің алғашқы кезеңі жүзеге асырылады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Ғалымжан Орынов мәлімдеді.

Жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын тұлғалар мен олардың жұбайлары, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген тұлғалар мен олардың жұбайлары және тұлғаларға теңестірілген адамдар мен олардың жұбайлары мүлкін жария етуі тиіс. Декларациялауға жылжымайтын мүлік, жер учаскелері, әуе және теңіз кемелері, көлік құралдары, арнайы техникалар, шетелдік банктердегі есепшоттары сақталған қаражаттары жатады.

Облыс бойынша бірінші кезекте жалпыға бірдей декларация тапсыратын 16847 мемлекеттік қызметкер бар. Оның ішінде 8235-і жұбайлары. Егер шетелде шоттары болса, аталған тұлғалар оны жабуы тиіс. Өйткені мемлекеттік қызмекерлер, парламент депутаттары мен судьяларға шетелдік банктерде есеп шот ашуға заңмен тыйым салынған. Мүлікті жариялап, есепшотты жабуға жарты жыл уақыт беріледі. Үлгермегендерге жаппай айыппұл салынбақ, – деді Ғалымжан Орынов.

Жалпыға бірдей декларациялауға көшудің мақсаты: – көлеңкелі экономикамен және сыбайлас жемқорлықпен күрес үшін жеке тұлғалардың табыстары мен мүлкіне тиімді бақылау жүйесін құру. Салық базасын кеңейтуте, жеке табыс салығының бюджетке түсімін арттыру.

Өңірлік коммуникациялар қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: