1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні Жалағаш ауданында ерекше сән-салтанатпен аталып өтті, деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметі.
Мереке аясында этнос өкілдерінің «Бір шаңырақ астында» атты тағам және мәдениет көрмесі ұйымдастырылды. Аудан әкімі көрмемен танысып, түрлі этнос өкілдерінің өнерін тамашалады.
Мерекелік іс-шара одан әрі спорттық сайыстармен, театрландырылған қойылыммен және концерттік бағдарламамен жалғасты.
Аудан әкімі Ардақ Ибраимов аудан тұрғындарын 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен құттықтады.
«Халқымыз, «Бірлік бар жерде тірлік бар» деген қанатты қағиданы атадан балаға мирас етіп қалдырған. Бірлік, ұлтаралық татулық пен саяси тұрақтылық – біздің бейбіт өміріміздің мызғымас кепілі. Бұл күн – әрбір қазақстандық үшін Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімнің, азаматтық борыш пен жалпы ұлттық келісімнің мерекесі. Бірлік, достық, ынтымақ мерекесі баршаңызға құтты болсын!», — деді аудан әкімі.
Мерекелік іс-шара одан әрі театрландырылған қойылыммен жалғасып, сахнада жергілікті өнерпаздардың және түрлі ұлт өкілдерінің ұлттық биі мен әндерімен өрнектелген концерттік бағдарлама ұсынылды.
Жалағаш аспанын қуаныш пен шаттыққа бөлеген бұл күн аудан тұрғындарына ерекше мерекелік көңіл күй сыйлады.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!