HALYQLINE.KZ Бүгін аудан әкімі Есжанов Асқарбек Темірбекұлының қатысуымен Жалағаш кентіндегі «Жеті қазына» жеке балабақшасының ашылу рәсімі өтті.
«Білімге құйылған инвестиция – болашақтың игілігі жолындағы оң қадам. Осы тұрғыда білім саласына жанашырлық танытып бабалақша салған кәсіпкерге алғыс білдіреміз. Жалағаш кентінде салынған бұл балабақша 2 мен 6 жас аралығындағы 120 бүлдіршінді қабылдай алады. «Жеті қазына» – ауданымыздағы көлемді балабақшалардың бірі. Жалағаштың өркендеуі жолында тың жобаларды жүзеге асырған меценаттармен біз мақтанамыз». – деді А.Есжанов
Бүгінгі күні «Жеті қазына» балабақшасында 18 қызметкер жұмыс істейді. Оның ішінде 10 педагог, 8 техқызметкер. Қазіргі таңда 2-6 жас аралығында 80 бала қабылданды.
Жалағаш ауданы бойынша ана мен балаға айрықша көңіл бөлініп, бүлдіршіндеріміздің алаңсыз өмір сүруіне барлық жағдай жасалып келеді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!