Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жалағаш: Бас шыршаның шамы жағылды

23.12.2025, 8:45 63

HALYQLINE.KZ

Жалағаш ауданының әкімі Ардақ Ибраимов аудан тұрғындарымен бірге жаңажылдық бас шыршаның шамын жағу рәсіміне қатысты, деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Мерекелік іс-шарада аудан әкімімен бірге ауданның бас шыршасының шамын жағу мәртебесі №123 мектеп-лицейінің 7-сынып оқушысы, түрлі халықаралық, республикалық және облыстық жарыстардың жеңімпазы әрі жүлдегері, спорт шеберіне үміткер Нұрдәулет Садық пен «Ұлы дала ұрпағы» республикалық байқауында «Дәстүрлі ән» номинациясы бойынша Бас жүлде иегері, №201 мектеп-лицейінің 4-сынып оқушысы Ай Ана Нұртайға берілді.

Салтанатты іс-шара барысында талантты өнерпаздар өнер көрсетіп, жиналған қауымға көтеріңкі көңіл күй сыйлап, мерекелік әуенге бөледі.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: