HALYQLINE.KZ ҚР Қазгидромет 13 қаңтарға арналған ауа райы болжамын ұсынады.
Антициклон ҚР солтүстік және солтүстік-батыс өңірлеріне әсер етіп, осыған байланысты жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Еліміздің қалған аумағында оңтүстік циклондар мен фронтальды бөліктердің әсерінен қар, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста, оңтүстік-батыста жауын – шашын (жаңбыр, қар) болады. Республика бойынша кей жерлерде тұман, көктайғақ, желдің күшеюі, орталықта, солтүстікте бұрқасын күтіледі.
Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында тұман, таңертең және күндіз облыстың оңтүстігінде көктайғақ күтіледі.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!