Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жабық ыдыстың синдромы

03.06.2025, 10:00 237

HALYQLINE.KZ

Біздің өмірімізді біз ойлағаннан да дәлірек сипаттай алатын экспериментті біліп алайық…

— Бүргелерді шыны ыдысқа салады…

Бұл кішкентай тіршілік иелері биіктігі бір метрге дейін биікке, яғни өз биіктігінен жүздеген есе биікке секіре алады…

Бірақ шыны ыдыстың қақпағын жауып қояды…

Бүргелер секіруді қанша жалғастырса да, ыдыстың қақпағына соғылып кері қайта береді…

Олар неліктен сыртқа шыға алмайтынын түсінбейді.

Сосын көп ұзамай… олар бейімделеді…

Бірнеше күннен кейін қақпақты алады. Кеңістік ашық.

Бостандық қайта оралады…

Бірақ бүргелер секіруге тырысуды қойған екен…

Олар тек қақпақтың деңгейінде ғана секіре береді, одан жоғары емес…

Олар тіпті жоғары секіруге тырыспайды да…

Олар үшін енді еркіндік жоқ…

Олардың бұрынғы тәжірибелері шындыққа айналды…

Мәңгіге…

Бұл – трагедия…

Кедергілер жоғалады, бірақ олардың басында мәңгі қалады…

Менеджмент тәрізді. «Тырмыспа, ештеңе өнбейді» деп сыбырлайтын өткеннің көлеңкесі сияқты…

Біз бір кездері қалай «үйреткеніндей» өмір сүреміз…

Біреу: «Қолыңнан келмейді», «бұл сенікі емес», «қазір тым кеш» деп айтқан…

Сосын біз өз әлеуетімізден төмен секіре бастаймыз…

Және оның ең жаманы…

Бұл әрі қарай тұқым қуалап жалғасады. Ыдыста болған бүргелердің ұрпақтары да биікке секірмейді…

Олар мүмкін емес болғандықтан емес…

Олар мүмкін екенін білмейтіндіктен…

Бұдан алатын сабақ:

1. Сен ойлағаныңнан да күштісің. Және саған ескі ережелер бойынша өмір сүрудің қажеті жоқ.

2. Ең нашар түрме деп қабырғасы жоқ түрмені айтады. Соның бірі – бұрыңғы естеліктер. Сенің шекараларың шегі қай жерде екенін және оларды кім белгілейтінін тексер.

3. Кейде еркіндік әлдеқашан қолжетімді болады. Бірақ біз оған секіріп жетіп баруды ұмытып кеткенбіз.

4. Сен өстің. Сен көп нәрсені жасай аласың. Әдеттенген қалпыңмен секіруді тоқтататын уақыт келді.

5. Бірақ егер сенің шынымен өмір сүруіңе кедергі болатын нәрсе сенің миыңда қалған ескі естеліктер болса ше?..

6. Сен бүрге емессің. Сен адамсың. Бұл сенің миыңды басқарып, өмір сүруді таңдауға болатыныңды білдіреді.

Амантай  ТОЙШЫБАЙҰЛЫ

Сурет ашық дереккөзден алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: