Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ж.Еркінбек: «Ауданның барлық саласында өсім бар»

28.07.2024, 18:10 403


Қармақшы ауданының әлеуметтік-экономикалық жағдайы жыл сайын өркендеп, дамып келеді. Оған басты дәлел – аудан бюджетінің ұлғаюы болып отыр. Мәселен, биыл Қармақшы ауданының бюджеті 17 млрд 177 млн теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 18,4 пайызға артқан. Оның ішіндегі ауданның өз кірісі 15,8 пайызға өсіп, белгіленген жоспар 118,7 пайызға орындалған. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында Қармақшы ауданының әкімі Жандос Еркінбек мәлімдеді.

– Қармақшы ауданында биылғы жылдың қаңтар-маусым айларында макроэкономикалық көрсеткіштерінің барлығында оң көрсеткіштер қалыптасқан. Атап айтқанда, өнеркәсіп өнімі көлемінің индексі 100,3 пайызды, негізгі қорға салынған инвестиция көлемінің индексі 143,0 пайызға орындалса, құрылыс жұмыстары көлемінің индексі 129,1 пайызды құрап отыр. Өздеріңіз білесіздер, Қармақшы ауданы ауыл шаруашылығына негізделген аймаққа жатады. Сондықтан, микроэкономикалық көрсеткіштердің басым бөлігі ауыл шаруашылығы саласындағы жетістіктерге байланысты. Биыл ауданда жалпы көлемі 25 231 гектар жерге егіс егілді. Оның ішінде күріштің көлемі 13 270 гектарды құрайды. Сырдария өзеніндегі су көлемінің азаюына байланысты өткен жылмен салыстырғанда күріш көлемі 500 гектарға қысқарды. Облыс әкімінің «Тұрғындардың өзін-өзі әлеуметтік маңызы көкөніс және бақша өнімдерімен қамтамасыз етуін қалыптастыру» туралы тапсырмасы негізінде 408 гектар бақшалық жерлер дайындалып, 930 отбасыға бөлінді. Сонымен қатар, су үнемдеу технологияларын пайдалану бойынша жаңбырлатып суару тәсілімен 45 гектар жоңышқа, 13 гектар көкөніс-бақша дақылдары егілді, – деді Жандос Еркінбекұлы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: