Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Зейнетақы жинағының бір бөлігін пайдалануға рұқсат берілді

01.09.2021, 12:10 348

HALYQLINE.KZ Қазақстандықтарға зейнетақы жинағының бір бөлігін жеткілікті шегінен жоғары мөлшерде «Отбасы банк» есепшотына аударуға рұқсат беріледі, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Мен зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын пайдалану бастамасының оң динамикасы туралы айттым. Осы үрдісті қолдау үшін зейнетақы жинақтарының бір бөлігін кейіннен тұрғын үй сатып алу үшін «Отбасы банк» есепшотына жеткілікті шегінен көп мөлшерде аударуға рұқсат беру қажет деп санаймын», – деді Тоқаев Қазақстан халқына арнаған сөзінде.

Президенттің айтуынша, мұндай шара қаражат жинау және оларды сауатты басқару әдетін жандандырады.

Бұған дейін Тоқаев Қазақстан халқына жолдау жасап, елдің алдағы әлеуметтік-экономикалық дамуының басым бағыттары туралы айтатыны хабарланған болатын.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: