30 маусымда Иран соты 2017 жылы елдегі наразылықтың дамуына түрткі болды деген айыппен журналист Рухолла Замды өлім жазасына кесті, деп хабарлайды centralasian.org
Рухолла Зам негізін қалаған AmadNews сайты мен telegram-каналы Иран билігін ашық сынап, наразылық акциясы жайында хабар таратып келген.
2017 жылы өткен наразылық акциясы 2009 жылдан кейінгі Иранда болған ең үлкен митинг еді. Акция кезінде мыңдаған адам ұсталып, 25 адам қайтыс болды.
Зам қуғынға түскенге дейін Парижде тұрып келді. 2019 жылдың қазан айында ұсталған. Одан кейін оның жағдайы белгісіз болған. Франция билігі Иранның бұл әрекетін ашық сынады. Өткен айда Иранның мемлекеттік телеарналары Замның «қылмыс жасағанын мойындайтын, кешірім сұрайтын» видеоүндеуін көрсетті.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!