Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жұмысшының еңбек құқығы қорғалды

09.04.2024, 8:45 217

HALYQLINE.KZ

Қызылорда қалалық сотына талап қоюшы Б. жауапкер «Қ» АҚ-нан жұмыстан шығару туралы бұйрықтың күшін жою, бұрынғы жұмыс орнына қайта орналастыру және лажсыз бос жүрген уақытына жалақыны өндіру туралы талап қоюмен жүгінген.

Өзінің талап қоюында талап қоюшы Б. жұмыс берушінің бастамасы бойынша жұмыскерлер саны немесе штаты қысқартылатын негіздерге байланысты еңбек шартын бұзу кезінде жұмыскерді кемінде бір ай бұрын хабардар етілмегендігін көрсеткен.

Істі сотта қарау барысында жұмыс берушінің тарапынан Еңбек Кодексінің 13-бабы, 52-бабы 1-тармағының 1) және 2)-тармақшаларында көзделген негіздер бұзылғаны анықталды.

Сот шешімімен талап қоюшы Б-ның талап қоюы қанағаттандырылып, жауапкер «Қ» филиалының бұйрығы заңсыз деп танылып, күші жойылып, талап қоюшы Б. телеграфист лауазымына қайта орналастырылып, лажсыз бос жүрген уақытына орташа жалақысы 1045242 теңге өндірілді.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 24-бабына сәйкес әркімнің еңбек ету бостандығына, қызмет пен кəсіп түрін еркін таңдауына құқығы бар. Осылайша, жұмыскердің еңбек құқығы заңмен қорғалды.

Сурет  ашық  дереккөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: