Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Жұмысқа тұрғызамын»: алаяққа үкім шықты

20.05.2024, 9:25 256

HALYQLINE.KZ

Арал аудандық сотында Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 190-бабының 1-бөлігімен айыпталған Т.-ның қылмыстық ісі қаралып, айыптау үкімі шығарылды.

Сотталушы Т. сот үкімімен төмендегідей қылмыс жасағаны үшін айыпты деп танылған. Атап айтқанда, ол жәбірленуші К.-ны алдап, таныстары арқылы оның баласын теміржол станциясына жұмысқа орналастырып беремін деп сеніміне кіріп, 1680000 теңге ақшасын алаяқтық жолмен иемденген.

Сотталушының қылмыстық әрекеті іс құжаттарымен және сотта өзінің айыбын мойындап берген жауабымен толық дәлелденген.

Қылмыстық заңнамаға сәйкес, бұл қылмыстық әрекет онша ауыр емес қылмыстар санатына жатады.

Сот үкімімен Т. Қазақстан Республикасы ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, мүлкін тәркілеусіз, 1 жыл бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалып, сол мерзімге пробациялық бақылау белгіленген. Сондай-ақ, қылмыспен келтірілген шығын жәбірленушінің пайдасына өндірілген.

Үкім заңды күшіне енбеген.

Көрнекі сурет  ашық  дереккөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: