Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жүргізуші куәліксіз көлік айдай береді

12.02.2021, 17:40 931

HALYQLINE.KZ Ертеңнен бастап азаматтар жүргізуші куәлігі мен көлікті тіркеу құжатын өздерімен алып жүрмесе де болады. Тиісті заңға Мемлекет басшысы 1 ақпанда қол қойған болатын. Құжат күні ертең күшіне енеді.

Жол сақшылары жүргізушінің жеке куәлігі арқылы барлық мәліметтерді электронды базадан тексере алады. Аталған құжаттар болмаса да, әкімшілік айыппұл салынбайды.

– «Жол жүрісі туралы» Заңның 54-бабынан жүргізуші куәлігі мен техпаспортты көрсету міндеті алынып тасталды. Қабылданған түзетулер шетелдік мемлекеттік нөмірлері бар автомашиналарға, сондай-ақ Қазақстаннан тыс жерлерде жүргізуші куәлігін алған адамдарға қатысты емес. Олар үшін жүргізуші куәлігін және техпаспортты көрсету міндетті болып қалады, – деді Қызылорда ОПД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Нұрмахан Пазылов.

Бұдан бөлек, Қазақстанда 10 жылдан асқан автобустарды бастапқы тіркеуге тыйым салынбақ. Жаңа норма 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап енгізіледі. Бұл өзгеріс жүргізуші орнынан басқа 8 орындықтан асатын автобустардың барлығына ортақ.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: