Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жүргізуші куәлігіне байланысты алаяқтық жарнамалар көбейді

22.06.2022, 12:15 241

HALYQLINE.KZ Алаяқтар өз құрбандарынан мүмкіндігінше көп ақша тарту мақсатында түрлі айла-тәсілдерді қолданып, тұрғындар үшін ең қажетті деген қызметтерді жағалайды. Соңғы кезде әлеуметтік желілерде жүргізуші куәлігін емтихансыз әрі оңай алу туралы жарнамалар көбейді. Олар осы арқылы көпшіліктің сеніміне кіріп, қалтасын қағуды көздейді. 

Құжат алудың оңай жолын іздеген клиент қоңырау шалған кезде олар алдын ала төлем жасауды сұрайды, ал жүргізуші куәлігі бір айдың ішінде дайын болатынына сендіреді. Төлемді алғаннан кейін телефонын өшіріп, із-түссіз жоғалып кетеді.

Алаяқтықтың құрбаны болмау үшін бейтаныс адамдарға қаражат аудармаңыз және жеке мәліметтеріңізге мұқият болыңыз. Жүргізуші куәлігі тек  мамандандырылған ХҚО-ларда тиісті емтихандар тапсырған соң уәкілетті орган арқылы берілетінін еске саламыз.

Жүргізуші куәліктерін беру тәртібімен мемлекеттік корпорацияның әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарында, сондай-ақ egov.kz порталында таныса аласыз.

Егер сіз алаяқтық жағдайға тап болсаңыз, міндетті түрде құқық қорғау органдарына хабарласыңыз.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ

Қызылорда облысы бойынша филиалы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: