Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жүргізуші куәлігі автомектепте оқығандарға ғана беріледі

23.04.2024, 10:20 239

HALYQLINE.KZ

2016 жылдан бастап жүргізуші куәлігін арнайы автомектептерде оқымай дайындалып, кез келген санатты алуға мүмкіндік берілген болатын. Одан соң 2019 жылы жүргізуші куәлігін алудың тәртібі қатаңдатылды. Басты себеп – көше-жол тораптарындағы апаттылықтын алдын алу, адам өмірін сақтау. Биыл да куәлік алып, көлік тізгіндеймін деген жандар үшін тәртіп күшейтілді. Куәлік алу процесінің қаншалықты өзгергенін Қызылорда облысының полиция департаменті, Әкімшілік полиция басқармасы процессингтік орталығының бастығы, полиция подполковнигі Нұркен Бақтияров өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында баяндап берді.

– 2016 жылдан бері жүргізушілерді даярлау курсынан өткен оқу ұйымы берген куәлік талап етілмейтін еді. Енді аталған куәлік талап етілетін болады және автомектептердің ақпараттық жүйелерінен курстың басталған уақыты мен аяқталу уақыттары ІІМ-мен қосымша тексеріліп отырады. Облысымызда барлығы 32 автомектеп болса, олардың 17-сі – Қызылорда қаласында, 15-сі – аудандарда. Аталған автомектептермен жүргізушілерге қаншалықты білім беру деңгейлері анықталып, қадағаланады, – деді Нұркен Прәліұлы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: