HALYQLINE.KZ «Қару» жедел-алдын алу іс-шарасы аясында Қызылорда қаласы ПБ патрульдік полициясының қызметкерлері қала көшелерінің бірінде » JAC » маркалы автокөлікті тоқтатты. Тексеру барысында көлікті тізгіндеген 41 жастағы облыс тұрғыны көлікті масаң күйде басқарғаны және оның 2020 жылдың қыркүйек айында сот шешімімен жүргізу құқығынан 7 жылға айырылғандығы белгілі болды.
Патрульдік полиция қызметкерлері оны наркологиялық диспансерге жеткізіп, сараптама қорытындысына сәйкес азамат орта дәрежедегі масаң күйде болғандығы анықталды.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-ның 346-бабы 1-бөлігімен (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. Автокөлік қазіргі уақытта айыппұл алаңында. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Қызылорда облысы ПД баспасөз қызметі
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!