Жер қойнауын пайдаланушылар келісімшарт бойынша жыл сайын өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуын қаржыландыруға міндетті. Дегенмен, облыс прокуратурасы тексерумен жер қойнауын пайдаланушылардың Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық дамуына қаржы төлемегенін анықтады.
Қаржыны мемлекет бюджетіне өндіру мақсатында Энергетика министрлігіне прокурорлық қадағалау актісін енгізді. Нәтижесі бойынша «Саутс Ойл» ЖШС Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық дамуын қаржыландыруға 450 млн теңге қаржы төледі.
Бұл бағыттағы заңдылықтың сақталуы облыс прокуратурасының қатаң бақылауында болады.
Сурет ашық дереккөзден алынды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!