Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жедел бөлім қызметкері түсіндірме жұмыстарын жүргізді

17.04.2023, 18:20 565

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД №60 мекемесіне жаңадан қабылданған сотталғандар мекеменің сұрыптау бөлімінде жедел бөлімі қызметкерлерімен өз құзіреті шегінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді. ҚР ҚК 428 – бабы «Қылмыстық-атқару мекемесі әкімшілігінің заңды талаптарына бағынбау», 429-бабы «Қоғамнан оқшаулауды қамтамасыз ететін мекеменің қызметкеріне не оның жақындарына, сондай-ақ сотталған адамға қатысты күш қолдану қатерін төндіру немесе олардың денсаулығына немесе өміріне қол сұғу» баптарындағы талаптар түсіндірілді.

  • Мекемеге жазасын өтеу үшін келген азаматтар алдымен карантин бөліміне 15 күнге оқшауланады. Содан кейін, әр бөлім қызметкері жазасын өтеуші азаматтарды қабылдау жұмыстарын жүргізіп, құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді. Санитарлық тексерістен өткеннен кейін, белгіленген жасаққа жіберіледі,- деді жедел бөлімінің жедел уәкілі әділет капитаны Асхат Бағдаулетов.

Адина Жомартқызы,
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД №60 мекемесі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: