Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жасөспірімді масаң күйге жеткізген азаматшаға айыппұл салынды

24.11.2020, 18:00 594

HALYQLINE.KZ 29 қазанда Қармақшы ауданы, Жосалы кентінің тұрғыны 26 жастағы азаматша 2004 жылы туған жасөспіріммен бірге алкогольді спирттік сыра ішімдігін ішіп, кәмелетке толмағанды масаң күйге дейін жеткізген. Азаматшаға жасаған құқықбұзушылығы үшін Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 131-бабымен әкімшілік хаттама рәсімделіп, жинақталған құжаттар сотқа жолданған.

Сотта азаматша өз кінәсін толықтай мойындап, істеген іс-әрекетіне қынжылып, өкініп, енді қайталамайтынын көрсеткен.

Жоғарыдағылардың негізінде Қармақшы аудандық сотының 18 қараша 2020 жылы шыққан қаулысымен құқық бұзушы азаматша ҚР ӘҚБтК 131-бабымен кінәлі деп танылып, оған жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни сот ӘҚБтК 819-бабының 2-бөлімі негізінде (әкімшілік айыппұл мөлшерін қысқартуға, бірақ айыппұлдың жалпы сомасының отыз пайызынан аспайтындай етіп қысқартуға құқылы) құқық бұзушыға 38 892 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Сонымен қатар, құқық бұзушы Қазақстан Республикасы Ішкі Істер Министрлігінің 29.12.2015 жылғы №1098 «Ішкі істер органдарының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторларының қызметін ұйымдастыру қағидалары» бұйрығының талаптарына сай, кәмелетке толмағандарды құқықбұзушылықтар немесе басқа да қоғамға қарсы әрекеттер жасауға тартатын адамдар санатымен ішкі істер органдарының есебіне алынды.

Қызылорда облысы Полиция

департаментінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: