Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жақсылық Омарға қандай айып тағылды

19.03.2026, 16:00 42

HALYQLINE.KZ

Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Жақсылық Омарға қандай айып тағылғаны белгілі болды.

Сот кабинетінде жарияланған мәліметке сүйенсек, шенеунікке екі бап бойынша айып тағылған: ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлігінің 1, 2-тармақтары (Ірі мөлшердегі алаяқтық) және 366-бабы 3-бөлігінің 3-тармағы (Ірі мөлшерде пара алу).

Қазіргі уақытта Жақсылық Омар қамауда отыр. Іс Өскемен қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында ашық және қысқартылған тәртіппен қаралады.

Негізгі сот талқылауы бүгін, 19 наурыз сағат 15:00-ге белгіленген.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін әлеуметтік желіде ШҚО әкімінің бірінші орынбасары Жақсылық Омардың ұсталғаны туралы ақпарат тараған еді.

Өңір әкімдігі аталған тұлғаға қатысты қандай да бір ақпарат жоқ екенін, қолда бар деректерге сәйкес, мемлекеттік қызметші денсаулық жағдайына байланысты еңбек демалысын алғанын хабарлады.

Кейінірек ҰҚК шенеунікке қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

Дереккөз: nur.kz

Фото: buqara.kz

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: