Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жаппай тінту жұмыстары қалай жүргізіледі?

16.06.2023, 19:01 246

HALYQLINE.KZ

Қылмыстық атқару саласының Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД-ға қарасты № 68 мемлекеттік мекемесіндегі тәртіптің сақталуына жаппай тінту жұмыстарын жүргізудің әсері зор. Сондықтан мекеменің ішкі тәртібіне жауапты Режим және күзет бөлімі қызметкерлері сотталғандар мен айыпталушыдардың сақтауына рұхсат етілмеген азық-түліктер, заттар мен бұйымдардын анықтап, тәртіпсіздікке жол бермеу үшін күнделікті тексерулер мен жаппай тінту жұмыстарын жүргізіп отырады.

Тінту жұмыстарының өткізілу тәртібі жайлы бөлім басшысы әділет майоры Туребеков Асылхан былайша баяндап берді:

  • Мекемедегі жаппай тінту жұмыстары 2014 ж 5 шілдедегі « ҚР Қылмыстық-атқару кодексі» ҚР ІІМ-нің 2017ж 26 шілдедегі «ҚАЖ тергеу изоляторының ішкі тәртіптеме қағидаларын бекіту туралы» №505 бұйрығының 3-тарауы, ҚР ІІМ-нің 20 ақпанындағы 2017 жылғы «ҚАЖ мекемелерінде ұсталынатын адамдардың мінез- құлқына бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру жөніндегі қызметті ұйымдастыру және жете тексеру мен тінту жүргізу қағидаларын бекіту туралы» №36 қбпү бұйрығының 5-тарауына сай жүргізіледі.

Осы уақытқа дейін барлығы 478 тінту жұмыстары атқарылған . Оның ішінде : жоспарлысы-445, жоспардан тыс-31,жаппай тінту-2.

Бұл жұмыстар камераларға,дәрігерлік бөлім палаталарына,жатаханаға,асханаға жүргізіледі.

Жаппай тінту кезінде Қызылорда облыстық прокуратурасы мен департаментке қарасты мекемелелердің жеке құрамынының және мекем бақылаушыларының күшімен жүзеге асырылады.

Тінтуге қол темір іздегіш құралдары,желілік емес локатр, иірілген сымдар,қызметтік ит қолданылады.

Алдымен қапастардағы азаматтар  арнайы алаңқайға шығарылып, олардың керуетіндегі көрпе- төсектері, шкафтарын жеке-жеке кезегімен қарап шықты.

Одан кейін, медицина бөлмелері, шаруашылық бөліміне қалдырылған сотталғандардың жатаханасы, асхана, монша, бу қазандықтары, тіптен санитариялық тораптарға дейін мұқият тексерілді. РжКБ-нің1-тоқсандағы жоспарына сәйкес,4-дана кескіш зат,7-дана тескіш зат,4-қуаттағыш,2-дана жайнамаз,4-дана тәспі,2-дана қыстық киім,5-дана пластикалық ыдыс,артық газет-журналдар мен 2-дана жыртылған простина анықталды.

Бұл іс-шараның заңдылығын және сотталғандардың конституциялық құқықтарының сақталуын қамтамасыз ету үшін жүргізілген барлық іс-әрекеттердің бейнетүсірілімі қамтамасыз етіледі.

Арнайы тексеру тобының көз алдында, жіті қадағалаумен өткізілгендіктен тінту жұмыстары бойынша қамаудағылар тарапынан еш арыз-шағым болмайды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: