Жаңа жыл мерекесі кезінде Қызылорда облысы Полиция департаментінің қызметкерлері қызметтің күшейтілген түріне ауыстырылды. Бұл күндері патрульдік жасақтардың саны ұлғайтылды. Халық көп жиналатын жерлер, ойын-сауық орындары полицейлердің ерекше бақылауына алынды. Бұл туралы аталған департаменттің баспасөз қызметі хабарлады.
Мәселен, 31 желтоқсанда «102» арнасына 98 қоңырау келіп түсіп, облыс көлемінде 176 әкімшілік құқықбұзушылық, оның ішінде 105 ЖҚЕ бұзу дерегі анықталды. Бұл түні департаменттің 1000-нан астам қызметкері жұмылдырылып, қызмет өткерудің күшейтілген нысанына көшірілді.
Іс-шара барысында тәртіп сақшыларымен мүлдем төзбеушілік принципі бойынша ұсақ бұзақылықтың – 10, спирттік ішімдікті ішу немесе қоғамдық орындарда мас күйінде келудің – 29, кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта жүруінің 15 дерегі анықталды. Көлік құралын мас күйінде тізгіндеген 3 жүргізуші анықталса, көлік құралын басқару құқығынан айырылған 3 жүргізуші ұсталып, барлығына тиісті әкімшілік хаттамалар толтырылып, әкімшілік сотқа жолданды.
Жалпы, Жаңа жыл түні қызылордалық полицейлер қоғамдық қауіпсіздікті тиісті деңгейде қамтамасыз етіп, қандай да бір оқыс оқиғаларға жол берілген жоқ. Полиция қызметкерлері күшейтілген қызметтерін жалғастыруда.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!