Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жаңа салық кодексі енгізіледі

25.12.2025, 21:26 17

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жеке тұлғалардың банктік шоттары бойынша жүргізілетін операцияларға қатысты салық заңнамасына өзгерістер енгізіледі. Жаңа талаптарға сәйкес, кәсіпкерлік қызметтен кіріс алу белгілері бар операцияларды айқындау үшін қосымша өлшемшарттар белгіленеді. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Асқар Елеманов мәлімдеді.

  • Бұған дейін жеке тұлғалардың шоттары бойынша тек аударымдар саны ескерілетін. Яғни, 3 ай қатарынан 100 және одан да көп әртүрлі тұлғадан қаражат түскен жағдайда ғана кәсіпкерлік табыс белгілері бойынша тексеру жүргізілетін еді. 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап жаңа өзгеріс енгізіліп отыр. Енді жеке тұлғаның кәсіпкерлікке арналмаған шотына 3 ай қатарынан әр айда 100 түрлі адамнан қаражат түсіп, оның жалпы сомасы ең төменгі жалақының 12 еселенген мөлшерінен асса, мұндай операциялар кәсіпкерлік қызметтен алынған табыс ретінде қарастырылады. Демек, ең төменгі жалақы мөлшері 85 000 болып есептелсе, жалпы сома мөлшері 1 020 000 теңге көлемінде болады. Егер азамат өз шотына түскен қаражаттың кәсіпкерлік қызметке қатысы жоқ екенін дәлелдей алса, кәсіпкер ретінде тіркелу міндеті туындамайды. Ал дәлелдемелер ұсынылмаған жағдайда, заңнама талаптарына сәйкес кәсіпкер ретінде тіркелу қажет болады. Осыған байланысты азаматтарды кәсіпкерлік қызметке арналған жеке шотты пайдалануға және салық мәдениетін сақтауға шақырамыз,- деді Асқар Сейдекәрімұлы.

@Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: