Қызылорда қаласының тұрғыны ұялы телефон арқылы өзінің үйінің жанында жарылғыш заты жатқандығы жөнінде хабарлаған. Аталған мекенжай жару-техник мамандарымен тексеріліп, онда жарылғыш заты анықталған жоқ.
Қызылорда облысы ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен жүргізілген жедел іздестіру шараларының нәтижесінде жалған хабарлама берген 38 жастағы Қызылорда қаласының тұрғыны анықталып, оған қатысты ҚР ҚК-нің 273-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Тергеу барысында жалған хабарлама берген азамат өзінің туыстарына ызаланып, масаң күйде хабарлама бергені белгілі болды.
Қызылорда қалалық сотының үкімімен жалған хабарлама берген азаматқа 3 жыл мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды.
Сурет ашық дереккөзден алынды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!