Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жалған ақпарат таратқан тұрғын табылды

02.04.2020, 11:49 587

Еліміздегі төтенше жағдайға байланысты «WhatsApp» мессенжерінде түрлі қауесет таратып жатқандар бар. Олар халықтың арасына жалған ақпарат жіберіп, елді дүрбелеңге салуда.

Соның бірі жақында ғана «Қазалы ауданына қарасты бұрынғы «қырықжылдық», қазіргі Жанқожа батыр елді мекенінде коронавирус індеті анықталған 1 азамат белгілі болды, осы елдің тұрғындары жан-жаққа қашып жатыр, індет жұқтырған азамат қалтырап ауырып жатыр» деп тараған хабар болатын. Оны жіберген азаматты аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері анықтады. Ол Әйтеке би кентінің тұрғыны болып шықты. Қазіргі таңда бұл азаматтың үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабы 4-бөлігі бойынша іс қозғалды.

Осыған байланысты мұндай негізсіз хабарламаларға емес, ресми ақпаратқа сену керектігін естеріңізге саламыз. КВИ-ға қатысты барлық ресми мәліметті www.coronavirus2020.kz сайты мен облыстық денсаулық сақтау басқармасы береді.

Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: