HALYQLINE.KZ –| Қорадағы жылқыны қолды еткен ұры ұсталды.
23 сәуір күні Жалағаш аудандық полиция бөліміне Аққұм ауылының тұрғынынан қорасында тұрған бір жылқының ұрланғандығы туралы шағым түскен. Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері 38 жастағы Қызылорда қаласының тұрғынын ұстады.
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Оның басқа да мал ұрлығы дерегіне қатыстылығы тексерілуде. Ұрланған жылқы иесіне қайтарылды. Аталмыш дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабы 3-бөлігіне (ұрлық) сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!