Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Заңсыз ойын ұйымдастырғанның «ойыны» осылды

02.12.2020, 17:20 636

HALYQLINE.KZ

Заңсыз ойын ұйымдастыруға қатысты кезекті қылмыстық іс бойынша сот үкім кесті. Бұл заңсыз әрекет Қызылорда облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті қызметкерлерімен ағымдағы жылдың тамызында анықталған болатын. Бұл туралы аталған департаменттің баспасөз қызметі хабарлады.

Қызылорда қаласының азаматы А. балаларға арналған компьютерлік ойын клубы түрінде өз жеке кәсібін ашқан. Қаланың орталық көшелерінің бірінен жалға ғимарат алып, оған 14 компьютер қойған соң кәсібінің астарын Қазақстан Республикасының «Ойын бизнесі туралы» заңына қайшы әрекеттерге бұрған. Экономикалық тергеу департаментінің криминалист мамандары жүргізген зерттеулер нәтижесінде бұл компьютерлерге ұтыс тігілетін құмар ойындар жүктелгені және онлайн ойындар жасалғаны дәлелденді.

№2 Қызылорда қалалық сотының үкімімен Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 307-бабы 1-бөлігінде қарастырылған қылмыстық әрекеттері үшін (ойын мекемесiн заңсыз ашу немесе заңсыз ұйымдастыру, құмар ойындарын ұйымдастыру және өткізу) заңсыз ойын ұйымдастырған азаматтың 1 жылға бас бостандығы шектелді. Сонымен қатар сотпен пробациялық бақылау және 100 сағаттық мәжбүрлі еңбекке тарту тағайындалды.

Ойын орнынан алынған 14 компьютер құрылғыларымен, 4 ұялы телефон және модем, кассадан алынған 177700 теңге ақша мемлекет пайдасына тәркіленді. Қызылорда облысы бойынша экономикалық тергеу департаментімен 2020 жылдың 9 айында қоғамға елеулі залал келтіретін заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру дерегімен 6 қылмыстық іс тіркелген.

Көрнекі сурет

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: