Заңсыз көші-қонды болдырмау және алдын алу, шетелдіктердің көші-қон заңнамасын бұзу фактілерін анықтау мақсатында ағымдағы жылдың қазан айының 14-і мен 18-і аралығында облыс аумағында «Заңсыз келуші-2024» іс-шарасы өткізілуде. Бұл туралы Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Іс-шараның 2 күн нәтижесінде жалпы 195 құқықбұзушылық анықталды. Оның ішінде, шетел азаматтарымен жасалған 151 әкімшілік құқықбұзушылық анықталса, оның 6-ауы республика аумағынан аластатылды.
Шетелдіктердің болу ережелерінің сақталуын қамтамасыз етпеген ҚР-ның 44 азаматына қатысты әкімшілік шаралар көрілді.
Құрметті облыс тұрғындары шет мемлекеттерден жұмыс істеуге келген шетел азаматтарын заңда көрсетілген мерзімде құжаттарын заңдастырып, Көші-қон заңнамасын бұзбай, жұмыс істеткендеріңіз абзал.
Егер де заң талаптарын орындамай өрсекел бұзған жағдайда, Қазақстан Республикасының заңдарының талаптарына сәйкес шара көрілетіндігін ескертеміз.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!