Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Заңсыз келуші – 2024»: 2 күнде – 233 құқықбұзушылық

04.06.2024, 18:00 214

HALYQLINE.KZ

Заңсыз көші-қонды болдырмау және алдын алу, шетелдіктердің көші-қон заңнамасын бұзу фактілерін анықтау мақсатында осы жылдың маусым айының 3-і мен 9-ы аралығында Қызылорда облысы аумағында «Заңсыз келуші – 2024» іс-шарасы өткізілуде. Бұл туралы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Іс-шараның 2 күн нәтижесінде жалпы 233 құқықбұзушылық анықталды. Оның ішінде, шетел азаматтарымен жасалған 171 әкімшілік құқықбұзушылық анықталса, оның ішінде бір азаматшареспублика аумағынан шығарылды.

Шетелдіктердің болу ережелерінің сақталуын қамтамасыз етпеген ҚР-ның 62 азаматына қатысты әкімшілік шаралар көрілді.

«Құрметті облыс тұрғындары! Шет мемлекеттерден жұмыс істеуге келген шетел азаматтарын заңда көрсетілген мерзімде құжаттарын заңдастырып, көші-қон заңнамасын бұзбай, жұмыс істеткендеріңіз абзал.

Егер де заң талаптарын орындамай өрескел бұзған жағдайда, Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкес шара көрілетіндігін ескертеміз» делінген хабарламада.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: