HALYQLINE.KZ Қызылорда облысы Жаңақорған ауданының тұрғындары заңсыз аңшылықпен айналысқандығы анықталды.
18 ақпанда сағат 01:00 шамасында Қызылорда облысы ПД-ң Жаңақорған аудандық полиция бөлімінің және «Охотзоопром» қызметкерлерімен бірлескен рейдтік жұмыстарын жүргізу барысында Жаңақорған ауданы, Түгіскен ауылының 7 шақырым жерде мемлекеттік белгісі жоқ мотокөлігі тоқтатылды.
Тексеру барысында мотокөлік ішінен аңшы мылтығы мен аң аулауға тыйым салынған құрал, яғни жарық шам (прожектор) және үш дана жабайы аң анықталды.
Оқиға орнында күдіктілер 41 және 37 жастағы екі аудан тұрғыны ұсталды.
Осы дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 337-бабының 1-бөлігімен (Заңсыз аңшылық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
Қызылорда облысы Полиция
департаментінің баспасөз қызметі
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!