Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Заңсыз әрекет жазасыз қалмайды

21.12.2020, 15:15 614

HALYQLINE.KZ Қызылорда облысы Арал аудандық соты заңсыз ойын ұйымдастыруға қатысты қылмыстық істің үкімін шығарды. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитеті Қызылорда облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті қызметкерлерімен анықталған бұл заңсыз ойын орны 2019 жылдың маусым айынан бастап жұмыс істеген.

Арал ауданы Сексеуіл кентінің тұрғыны азамат С. жалға алынған ғимаратта бір жыл көлемінде бірнеше онлайн казино бағдарламалары бойынша бәс тігіліп, ұтыстар беріліп, ойындар жүргізілген. Яғни, Қызылорда облысы бойынша сот сараптамалары институтының компьютерлер жадына жасалған сот-сараптамалық зерттеулері анықтағандай, Қазақстан Республикасы аумағында жоқ сайттар, интернет желісі арқылы онлайн казино бағдарламасына қосылуға мүмкіндік беретін сілтемелер, ойын орнында администратор, оператор болып жұмыс істеген тұлғалардың телефон жазбалары барлық заңсыз әрекеттерді дәлелдеді.

Арал аудандық сотының үкімімен Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 307-бабы 1-бөлігінде қарастырылған қылмыстық әрекеттері үшін (ойын мекемесiн заңсыз ашу немесе заңсыз ұйымдастыру, құмар ойындарын ұйымдастыру және өткізу) заңсыз ойын ұйымдастырған азаматтың 1 жылға бас бостандығы шектелді. Сонымен қатар, пробациялық бақылау мен 100 сағаттық мәжбүрлі еңбекке тарту тағайындалды.

Ойын орнынан алынған 5 компьютер құрылғыларымен, модем және кассада болған 42 мың теңге ақша мемлекет пайдасына тәркіленді.

Қызылорда облысы бойынша экономикалық тергеу департаментімен 2020 жыл басынан беру аталған бағыттағы қылмыстық істер бойынша 9 жүйелік блок, 75 монитор, 63 процессор, 3 телевизор, 6 модем және 9 ұялы телефон айналымнан алынды.

ҚР ҚМ ҚМК

Қызылорда облысы бойынша экономикалық

тергеу департаментінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: