Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Заңға бағыну — имандылықтың белгісі

27.08.2025, 12:35 176

Қазіргі қоғамда тәртіп пен тәрбие, заң мен имандылық қатар жүруі тиіс. Әсіресе, жастар үшін бұл құндылықтардың рөлі зор. Әр азаматтың заң талаптарын орындауы – тек міндет қана емес, оның саналы тұлға ретіндегі жауапкершілігінің көрсеткіші. Ал имандылық – адамның ішкі мәдениеті мен рухани байлығының айнасы. Осы екі ұғымның үндесуі – қоғамның тұрақтылығы мен дамуының кепілі.

Осы орайда, 30 тамыз — Конституция күні қарсаңында пробация қызметі есебіндегі жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заңға бағынудың қоғамдағы рөлі мен имандылықтың адам өміріндегі маңызын кеңінен түсіндіру мақсатында кездесу ұйымдастырылды.

Шараны облыстық жастар ресурстық орталығының маманы Н. Садуакасов ашып, сөз кезегін спикерлерге берді.
Бірінші болып сөз алған Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі, дінтанушы, философия ғылымдарының PhD докторанты Б. Оспанов имандылықтың негізі, оның дінмен байланысы, адамның жүріс-тұрысы мен заңға бағынуы – шариғаттың талаптарымен де үндесетінін атап өтті.

Ол жастарға адамгершілік пен жауапкершілік, тәртіп пен ішкі мәдениеттің маңызын діни және өмірлік мысалдармен түсіндіріп, жастарды ізгілікке, сабырлық пен тәртіпке шақырды.

Сонымен қатар, Қызылорда қаласы прокуратурасының бөлім прокуроры Б. Рысбай жастарға заңның үстемдігі, құқықтық мемлекеттегі азаматтың рөлі, жауапкершілік пен құқық бұзушылықтың салдары туралы нақты деректер келтіре отырып, құқықтық сауаттылықты арттырудың маңыздылығына тоқталса, Қызылорда қалалық пробация қызметі бастығының орынбасары, әділет майоры Г. Байсариева пробация есебінде тұрған жастардың қоғамға бейімделуіндегі басты кедергілер мен оларды шешу жолдарына тоқталып, жеке мәселелері бойынша қолдау көрсетті.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: