Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Заңды елемеген қала тұрғыны уақытша ұстау абақтысына қамалды (Видео)

07.06.2022, 14:15 316

HALYQLINE.KZ Қызылорда қалалық Полиция басқармасының қызметкерлері жол-көлік апаттарының алдын-алу мен жолда жүру ережелерін өрескел бұзушыларды анықтау мақсатында тұрақты түрде рейдтік іс-шараларды өткізіп келеді.

Нәтижесінде, 4 маусым күні қала аумағын барлау барысында орталық көшелерінің бойында көлік құралының жол қауіпсіздік ережелерін өрескел бұзғандығын байқайды. «Opel Vectra» маркалы автокөлігін дереу тоқтатып, тексеру барысында көлікті тізгіндеген 41 жастағы қала тұрғынының жүргізуші куәлігі жоқтығын анықтайды.

Көлік тізгіндеуші азамат 2019 жылдың желтоқсан  айында соттың шешімімен оның Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 608-бабының 1-бөлігімен көлік құралын жүргізу құқығынан 4 жылға айырылғандығы белгілі болды.

Патрульдік полиция қызметкерлері өз жұмыстарын дереу атқарып, наркологиялық диспансерге жеткізіп, сараптама қорытындысына сай азамат орташа дәрежедегі масаң күйінде болғандығы анықталды.

Аталған дерек бойынша, Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 346-бабы 1-бөлігі (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Автокөлік  қазіргі уақытта айыппұл алаңында. Күдікті уақытша ұстау абақтысына қамалды.

Қызылорда қалалық Полиция басқармасының баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: