Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Уақытымды жақындарыма арнаймын». Бостандыққа шыққан азамат көңіл-күйімен бөлісті

02.10.2023, 16:53 214

HALYQLINE.KZ

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №68 тергеу мекемесінде шарушылық қызметіне қалдырылған «Ш» есімді азамат темір тордан, бостандық өмірге қадам басты. Бұған дейін ол, 181-бабтың 1-тармағы бойынша бес жылға бас бостандығынан айырылған болатын.

 – Бұл мекемеде бес жыл мерзімде өзімнің қателігімнің салдарынан жазамды өтедім. Қыркүйек айының 28-ші жұлдызында жазамды толық өтеп, бостандыққа шығып отырмын. Бұл аралықта өзімнің қателіктерімді ой елегінен өткеріп, алдағы уақытта мұндай жазаны қайта жасамаймын деп  өз-өзіме ант бердім. Ендігі өмірімде отбасыма көңіл бөліп, қыздарымның және әйелімнің көңілін тауып, сондай-ақ, ата-анама уақытымды арнаймын. Тергеу мекемесінің басшысына, сонымен қатар, қызметкерлеріне алғысым шексіз, – деп өз ризалығын білдірді еркіндік өмірге қадам басқан азамат.

– Мекемеде «Ш» есімді азамат өзінің жазасын өтеу барысында өзінің белсенділігімен, талантты, дарындылығымен көзге жақсы түсе білді. Сондай-ақ, тәртібі жағынан шағым түспейтін. Шаруашылық қызметте жұмыс жасап, мекеме тарапынан берілетін айлық табысын өзіне және отбасына беріп пайдасын тигізетін. Көптеген іс-шараларға өз еркімен белсене қатысып, түрлі өлеңдер оқып, алғыр бола білді. Сондай-ақ босатылып жатқан азаматқа мекеме тарапынан жол жүру билеті беріліп, шығарып салынды, – дейді АКАӘПТЖБ-нің жасақ бастығы әділет лейтенанты Рамазан Әлмахан.

Мекемеден шығар-шықпас «Ш» есімді азаматтың туған-туыстары мен жақын достары жылы қарсы алып, құшақтарын кеңге жайып, сағына қарсы алды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: