Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Вейптерді әкелуге және таратуға тыйым салынды

20.06.2024, 15:35 178

HALYQLINE.KZ

Қызылордалық полицейлер шегілмейтін темекі бұйымдары мен вейптерге тыйым салу туралы облыс тұрғындары мен кәсіпкерлер арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізуде.

Бүгін вейптерді сатуға, таратуға және елге әкелуге тыйым салатын заң күшіне енді. Қазақстандықтар арасында танымал вейптерге немесе «бір реттіктерге» қазір тыйым салынды. Темекі шеккені үшін жазаланбайсыз, бірақ оларды сату, тарату және әкелу үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.

* Қазақстандағы вейптерге ресми түрде не жатады?

электрондық тұтыну жүйелері – никотинді электронды және никотин болып табылмайтын өнімдерді электронды жеткізу жүйелері – құрамында никотин бар немесе онсыз сұйықтықты (картридждерде, резервуарларда және басқа контейнерлерде) қыздыратын электрондық технологияларды (аккумуляторды) пайдаланатын құрылғылар (соның ішінде электрондық темекі), құрамында никотин жоқ басқа химиялық заттар, хош иістендіргіштер пайдаланушы ингаляциялайтын аэрозольдің пайда болуы.

* Вейптерді сатқаны, таратқаны, әкелгені және өндіргені үшін қандай жаза қолданылады? (ҚР ҚК-нің 301-1 б.)

– екі жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не екі жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не елу тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.

* Шегілмейтін темекі бұйымдарын, электрондық тұтыну жүйелерін (вейптерді), оларға арналған хош иістендіргіштер мен сұйықтықтарды әкелу, өндіру –

мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген іс-әрекеттер, егер:

– оларды қылмыстық топ жасаса;

– олар аса ірі мөлшерде кіріс алумен ұштасса;

– бірнеше рет жасалса,

мүлкі тәркіленіп, бес мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не бір мың екі жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: