HALYQLINE.KZ Қызылорда қалалық Полиция басқармасына 1 наурыз күні сағат 05:07 шамасында 40 жастағы азаматшадан үй жанындағы дүкен ішінде белгісіз біреудің жүргені туралы хабарлама түскен.
Оқиға орнына дереу жеткен жедел-тергеу тобы дүкеннің терезесіндегі темір торын бұзып, пластик терезесін күштеп ашып кіріп, ішіндегі заттарды ұрлауға оқталған ер-азамат ұстады. Күдікті 20 жастағы облыс орталығының тұрғыны екені белгілі болды. Ол Полиция басқармасына жеткізіліп, оқиғаның мән-жайы анықталуда.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 24-бабының 3-бөлігіне және 188-баптың 2-бөлігіне сәйкес (Ұрлыққа оқталу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
Жәбірленуші полицейлерге кәсіби шеберліктері үшін, сондай-ақ атқарылған жұмыстары үшін алғысын білдірді.
Қызылорда облысы Полиция
департаментінің баспасөз қызметі
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!