Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ұры алысқа ұзамады

25.03.2021, 17:00 544

HALYQLINE.KZ  Мал ұрлау операциясын ойластырған қызылордалық сан соғып қалды. Тергеу барысында малды ұрлау оқиғасы 23 наурызда сағат 15:00 шамасында болғаны анықталды.

Абай ауылдық округінде мал шаруашылығымен айналысатын 62 жастағы тұрғын сол күні 28 ешкісі мен 2 қошқарды алыс жайылымдарға шығарып, қараусыз қалдырған. Ауыл тұрғындарына келтірілген материалдық шығынның жалпы сомасы 920 000 теңгені құрады. Оқиға орнына келген қаскүнем өзінің алдын ала ойластырылған қылмысын жүзеге асырып, 30 бас малды қолды қылған. Ұрланған жайылымдағы малдарды көлікке тиеп, белгісіз бағытқа айдап кеткен.

Оқиға орнына Қызылорда қалалық Полиция басқармасы Ақсай полиция бөлімінің жедел-тергеу тобы дереу аттанды.

Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде жедел уәкіл полиция майоры Жалғасбаев Ерболат пен учаскелік полиция инспекторы полиция капитаны Байзақ Русланның кәсібилігінің арқасында Құмкөл тасжолының 31 шақырымында күдікті қылмыскер анықталып, ұсталды. Ұсталған азамат бұрын сотты болмаған, облыс орталығының 20 жастағы тұрғыны болып шықты. Тергеу барысында ер адам жасалған қылмысты толықтай мойындады.

Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Күдікті қамауға алынып, оның өзге де қылмыстарға қатыстылығы анықталуда. Қызылорда қалалық Полиция басқармасының полицейлері азаматтарға қырағы болуға және өз мүлкіне бейтаныс адамдарға сенбеуге кеңес береді. Егер сіз мал ұрлығының құрбаны немесе куәгері болсаңыз, дереу 102 телефоны бойынша полицияға хабарласыңыз.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: