HALYQLINE.KZ Қызылорда қалалық Полиция басқармасына 1981 жылы туған Қызылорда облысының тұрғыны арызданды. Жәбірленушінің айтуы бойынша, белгісіз азамат өзін ҰҚК-нің қызметкерімін деп таныстырып, абақтыда жатқан інісін мерзімінен бұрын босатуға уәде беріп, 1 500 000 миллион теңге ақшасын жымқырған.
Іздестіру жұмыстарының және полиция қызметкерлерінің кәсіби шеберлігінің нәтижесінде ізін суытпай күдікті ретінде 35 жастағы қала тұрғыны анықталып, жеткізілді.
Қазіргі таңда, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабының 1-бөлігімен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Күдікті толықтай өз кінәсін мойындап, оған қатысты ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат түрінде бұлтартпау шарасы қолданылды.
Қызылорда қалалық Полиция
басқармасының баспасөз қызметі
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!