2024 жылдың 24 қаңтарында Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматы қаласында қару арсеналы жасырылған орынды анықтады, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
«Калашников» автоматтарын, тапаншалар мен мылтықтарды қоса алғанда 30 бірлік қару-жарақ, сондай-ақ 5 граната, 10 түтіндету құтысы, әртүрлі калибрдегі 221 патрон алынды.
Алдын ала деректер бойынша, табылған қару «қаңтар оқиғалары» кезінде ұрланған. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүріп жатыр», делінген ақпаратта.
Фото: gov.kz
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!